Алматыда жыр дүлдүлі Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойы аталып өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жыр жампозы Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеште Бақытжан Сағынтаевтың атынан ақынның ұрпақтарына құттықтау хат табыс етілді.
Хатта І. Жансүгіровтің қазақ әдебиетінің ғана емес, әлем әдебиетінің жарық жұлдызы екені жазылған.
Салтанатты шарада Айгүл Қосанова, Рамазан Стамғазиев сынды өнер жұлдыздары ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді орындады. «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбль де өнер көрсетті.