27 шіл, 2023 сағат 17:24

Алматыда Грузия азаматы фишинг-алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Фото: Unsplash.com

Алматыда Грузия азаматы фишинг-алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

“CyberPol” бөлімшесінің мәліметінше, арнайы іс-шара барысында шетелдіктің қылмыстық әрекетінің жолы кесілген.

Жедел деректерге сәйкес, 41 жастағы Грузия азаматының Алматы қаласында бірқатар алаяқтыққа қатысы бар екендігі анықталды. Ол екінші деңгейлі банктерден несие алуға өтініш білдірген тұрғындардың ақшасын алдау арқылы, яғни фишингтік жолмен иемденіп келген.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, шетелдік азамат бұл алдау тізбегімен бірнеше жыл бойы айналысқан болуы мүмкін.


"Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас деректерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады" - делінген хабарламада.