02 ақп, 2018 сағат 15:53

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Алматы қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшылары қатысты.

Іс-шара барысында ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық өзара іс-қимылдың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды, жұмыстың аралық нәтижелері қорытындыланып, ұйымның одан әрі жұмысының бағыттары белгіленді.

ЕАЭО-ның Цифрлы күн тәртібін іске асыру барысын талқылау күн тәртібінің түйінді мәселелерінің бірі болды. Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, мүше мемлекеттердің үкіметтері 2016 жылғы желтоқсан айында мемлекет басшылары бекіткен 2025 жылға дейін Цифрлы күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарының ережелері мен басымдықтарын іс жүзінде іске асыруға көшті.

ЕҮАК шеңберінде премьер-министрлердің тапсырамасы бойынша әзірленген және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында тауарлардың айналымына бақылауды арттыруға бағытталған ЕАЭО-да тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімге қол қою өтті.

Отырысқа қатысушылар сондай-ақ макроэкономикалық ахуал, ЕАЭО елдерінде тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар, 2017 жылы өзара сауданың жағдайы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баяндамаларын тыңдады.

Бұған қоса, Комиссия ЕАЭО-дағы қант нарығында қалыптасып жатқан жағдайды талдаудың нәтижелері және агроөнеркәсіп кешені дамуының бірлескен болжамдары, ауыл шаруашылығы өнімі, азық-түлік пен шикізаттың жекелеген түрлері бойынша ЕАЭО елдерінің сұранысы мен ұсыныстары теңгерімдері ұсынылды.

ЕҮАК отырысы шеңберінде ЕАЭО шеңберінен тыс авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі органды құру туралы жұмысы барысының, бірқатар Комиссия Алқасы шешімдерінің күшін жою бойынша Ресей мен Беларусь тараптары ұсыныстарының, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартты іске асыруға байланысты мәселелерінің талқылауы өтті.

Армения, Беларусь, қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Өзбекстан премьер-министрлері, Әзірбайжан мен Тәжікстан делегациялары түске дейін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша ұйымдастырылған "Жаһандану дәуіріндегі цифрлы күн тәртібі" атты форумның жұмысына қатысып, форум барысында отандық экономикаларды цифрландыру мен аталған саладағы бірлескен жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру мәселелерін талқылады.