Алматыда есірткі зертханасы жойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі қылмысымен күресушілердің хабарламасына сәйкес, қылмыстық әрекетті 33 жастағы С. есімді азамат жасаған. Оның Mercedes автокөлігін полиция қызметкерлері Достық даңғылы мен Омарова көшесінің қиылысында тоқтатты. С. есімді азаматты жеке тінту және автокөлікті тінту кезінде ішінде заты бар изолентаға оралған 85 бума табылды және тәркіленді. Ұсталған азамат оларды Алматы қаласы мен Алматы облысына одан әрі тарату үшін сақтап қойған. Тәркіленген заттар – мефедрон және марихуана есірткісі.
"Күдікті синтетикалық шөпті өзі жасаған. Осы мақсатта ол Алматы облысы Тұздыбастау ауылында жеке тұрғын үйді жалға алған. Рұқсат етілген тінту кезінде жалға алынған тұрғын үйден зертханалық жабдықтар, шыны тостағандар мен кристалды заттар салынған металл қаңылтырлар, канистрдегі әртүрлі сұйық және ұнтақ химиялық заттар, ұнтақ заттар салынған полиэтилен байламдар, электрон таразылар, магниттік араластырғыш және 300 қапшық табылды және тәркіленді", - делінген хабарламада.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген мефедронның жалпы салмағы 15 келі 200 грам. Жауап алу кезінде "өндіруші" лаборант пен курьер жұмысы үшін жақсы жалақы алғанын айтты. Жұмыс беруші зертхана үшін баспананы да жалға алып берген. Дерек бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасы соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды.