ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткілерді дайындайтын жасырын есірткі зертханасын анықтады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Департаменттің хабарламасында жазылғандай, 24 қазанда жедел-іздестіру шараларын өткізу нәтижесінде Алматы қаласының тұрғыны А есімді тұрғыны ұсталған.
«Зертхана жайында 2 кг жуық синтетикалық есірткілер (балама түрде 2 мың дозаға жуық) және 526 литр прекурсорлар алынып, олар сот-химиялық сараптамаға жіберілді» делінген хабарламада.
Дайын психотропты заттарды сату «Telegram» және «VIPole» әлеуметтік мессенджерлеріндегі ғаламтор-дүкендері арқылы жүзеге асырылған.
«Ұсталған А есімді азаматтың тұрғылықты жері бойынша сондай-ақ, есірткі сататын ірі ғаламтор-дүкендерінің бірі «Алтын Орда» логотипі бар визит карточкасы мен оттық шақпақ алынды» деп хабарланды.
Айта кетейік, аталған факті бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті ҚК 297-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Іс-шаралар ұлттық қауіпсіздік органдары өткізіп жатқан арнайы операциясының заңдылығына қатаң қадағалау жасаған, Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп жүзеге асырылды.