Алматыда халық санағына қатысты алаяқтық туралы ақпарат жалған. Бұл жөнінде Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, мегополисте халық санағына қатысты алаяқтық фактісі тіркелген жоқ.
«Алматыда белгісіз адамдар үйлерді аралап халық санағын жүргізіп жүр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, азаматтар тарапынан да шағым түскен жоқ. Әртүрлі мессенджерлер арқылы тарап жатқан мұндай мағынадағы ақпаратқа сенудің қажеті жоқ. Осыған байланысты біз азаматтарды тек мемлекеттік органдардан келіп түскен хабарламаларды назарға алуға және күмәнді дереккөздер таратқан ақпаратты ары қарай таратпауға шақырамыз. Оның салдарынан тұрғындар арасында негізсіз дүрбелең туындауы мүмкін«, – дейді қалалық полиция.