Алматы полициясы Есентай өзенінде көлікпен жүрген жүргізушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Желіде оқиғаның видеосы пайда болды, онда ақ түсті Lada Priora-ға ұқсас көлік көрінеді.
"Алматы қаласы жергілікті полиция қызметі басқармасы бұл дерек бойынша тексеріс жұмыстарын бастады. Құқықбұзушы міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылады. Мұндай әрекеттерге рұқсат етілмейді. Бұл хайп мақсатында жасалғанын жоққа шығармаймыз", - деп түсіндірді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазнет қолданушылары видеоны қызу талқылап жатыр. Кейбіреулер көліктің өзенге қалай кіргеніне таңғалғанын жазған. Көпшілігі оның әрекетін айыптаған.