27 қыр, 2023 сағат 15:54

Алматыда ер адамды ұрып-соғып, тонау сәті видеоға түсіп қалған

Фото: Polisia.kz

Алматыда болған тонау қылмысы видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Жәбірленуші қылмыс туралы полицияға хабарлаған. Ер адам үйіне қайтып келе жатқанда белгісіз біреулер оған күтпеген жерден шабуыл жасап, ұрып-соғып, қолындағы ноутбук пен ақшасы бар сөмкесін тартып алғанын айтқан. 

Ал қарақшылық шабуыл бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер ұсталды.


"Күдіктілер – 26 және 34 жастағы азаматтар. Жауап алып, беттестіргеннен кейін олар өз кінәларын мойындады. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда күдіктілердің қаланың басқа да аудандарында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", – деді Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің басшысы Батуржан Абдумасаров.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.