Алматыда Түрксіб ауданындағы бағанада ток соғып, қаза тапқан ер адам электрик емес болып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"12 қазанда 10 кВ әуе желісін жөндеуден кейін Талғар тарату аймағының балансындағы №2-13И фидері қосылды. 10кВ әуе желісін қосқанда, қысқа тұйықталу болып, апат жағдайында өшірілді.
Кейін куәгерлер ТП-2627 жекеменшік краны ЛР-10кВ бағанасында бөгде адамды ток соққанын хабарлады. Ер адамның бағанаға шығу мақсаты белгісіз. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ өкілдері.
Марқұм - 1986 жылы туған ер адам.
Назар аударыңыз, жүрегі әлсіз жандарға, жүкті әйелдерге және балаларға қарауға ұсынылмайды!