Фото ашық дереккөзден алынды
Әлеуметтік желіде Розыбакиев көшесіндегі салонда ер адам сүйіктісін өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып жатқанын хабарлады.
"Сараптамалар тағайындалды. Кісі өлтіру мен өзін-өзі өлтірудің мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.