Алматыда ер адам пышақпен автобусқа басып кіріп, әйелге қарай ұмтылған. Шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалған. Кейін әлеуметтік желіде жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кадрларда қоғамдық көліктердегі бірнеше адам ашулы жолаушыны тоқтатуға тырысқаны көрінеді. Ер адам әйелге шабуыл жасаған. Қолында пышақ болған. Шабуыл жасаған адам өзінің ұры екенін дәлелдеуді талап етеді, болмаса жала жапқан адамды өлтіретінін айтады.
Видеодағы жазбада оқиға 7 ақпанда болғаны айтылған.
"Автобусқа отырдық, бір әйел даурығып, салонға жүгірді. Оның артынан ер адам пышақ ұстап жүгірді. Әйел телефоны ұрланғанын айтып, айқайлады. Ер адам пышақпен қорқытты. Автобуста хаос басталды. Бұл адамды қоғамнан оқшаулау керек. Осы жағдай қаралады деп үміттенемін", - деді оқиға куәгері.
Ескеріңіз! Видеода бейәдеп сөздер бар!
Полиция бұл дерек бойынша әлі ешкім арыз жазбағанын мәлімдеді.
"Барлық аудан тексерілді. 102 пультіне қоңырау түскен жоқ. Алайда видео алғаш рет әлеуметтік желілерде жарияланған кезде полиция департаментінде тексеру шаралары тағайындалды. Қаланың криминалдық полициясы осы оқиғаның барлық хронологиясын жасайды. Видеодағы ер адам кім екені анықталады", - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
679 рет оқылды