Фото: gov.kz
30 қазанға қараған түні Бостандық ауданындағы Дунаевский көшесіндегі үйде әйел адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Криминальный Казахстан telegram арнасы хабарлайды.Қылмыс жасаған деген күдікке оның 41 жастағы ұлы ілінді.
Күдіктінің Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны хабарланды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
