Алматыда қолына пышақ ұстаған ер адам көшеде өтіп бара жатқан адамдарға тап беріп, көлік жөндеу орталығының клиентін жаралады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қолына пышақ ұстаған ер адамның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін Әуезов ауданының аумағында орын алған.
Мас ер адам көлік жөндеу орталығының клиентіне пышақ салды. Жарақат алған адам дереу ауруханаға жеткізілді.
«Күдікті - Жамбыл облысының тұрғыны Ж. есімді азамат екені анықталды. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 293-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелді», -деп хабарлады полициядан.