Алматыда мас күйдегі ер адам көлік ұрлап, жол апатына түсті, салдарынан бір жолаушы қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Хмельницкий мен Гете көшелері қиылысында Toyota Land Cruiser Prado мен Jeep Grand Cherokee соқтығысқан.
"102" пультіне Toyota Land Cruiser Prado көлігінің ұрланғаны туралы ақпарат келіп түсті. Жүргізуші көлігін Сейфуллин даңғылы бойына қойғанын хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 20 жастағы А. есімді шаһар тұрғыны болып шықты", - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.