02 там, 2022 сағат 22:18

Алматыда ер адам досының 11 жастағы қызын зорламақ болған


Алматыда досының кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған ер адам 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу барысында анықталғандай, М. есімді ер адам туыстарымен жанжалдасып, досының үйіне түнеуге келген. Бәрі ұйықтап кеткен соң, қонақ бөлмеден досының 11 жастағы қызын көріп, оны зорламақ болған. Бала сасқалақтамай, айғайлап көмек сұраған. Көмекке әкесі мен ағасы келген.

"Олар полиция шақырып, күдіктіні қылмыс орнында жедел ұстауға көмектесті. Кейін ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды. Жасалған құқықбұзушылықтың барлық мән-жайын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы жүргізілді, оның қорытындысы жәбірленушінің, куәлардың және күдікті М. есімді ер адамның мойындауымен қатар, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігі ("Зорлауға оқталу") бойынша қылмыс жасады деген айып тағуға мүмкіндік берді. Алатау аудандық ПБ-ның тергеушісі жинаған дәлелдемелері сот шешім қабылдауы үшін жеткілікті деп танылды", - делінген хабарламада.

Алатау аудандық сотының үкімі – кінәлі М. есімді ер адамға 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.