01 ақп, 2023 сағат 11:22

Алматыда ер адам әйелін атып өлтіріп, өзіне қол жұмсаған

Фото: Polisia.kz

Алматы тұрғыны әйелін атып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 31 қаңтарда түнде Наурызбай ауданында болған.

"Алдын ала болжам бойынша, отбасындағы жанжал кезінде 48 жастағы ер адам әйелін тапаншамен атып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген", - дейді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Ведомство мәліметінше, сараптамалар тағайындалған.