Алматыда екі көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды "Алматы жылу желілері" компаниясы.
"2022 жылғы 16 сәуірде сағат 22:00-ден 17 сәуір сағат 06:00-ге дейін Алматының Бостандық ауданында Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшелері қиылысындағы көлік қозғалысы шектеледі", - делінген хабарламада.
Жол астынан өтетін жылу желілеріндегі жұмыстарды (жабынның апат плитасын ауыстыру) жүргізу үшін уақытша шектеулер енгізілгені айтылды.
"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, осы учаскені айналып өтуге болатын жолдарды алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген хабарламада.