Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жол апаты түнгі 23:45–те Райымбек көшесінде болған.
«Тойота» көлігін тізгіндеген 31 жастағы жүргізуші шығыс бағытта келе жатқанда қарама қарсы жолаққа шығып кетіп, «Субару» көлігімен соқтығысқан. «Субару» рулінде 38 жастағы ер адам болған.
Жол апатынан екі жүргізуші де сол жерде мерт болды.
«Субару» жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлімімен бірыңғай тергеу ісі реестріне тіркелді. Полиция департаменті тергеуді жалғастырып жатыр.