Фото: Shutterstock
ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті жалған АҚШ долларын сақтау мен өткізу мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, екі азамат 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізген.
"Күдікті тұлғалар кезекті жалған ақшаны өткізу барысында ұсталып, жүргізілген тінту барысында 6,5 мың АҚШ доллары анықталып, алынды.
Кінәлі тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды" - делінген хабарламада.
ҚМА жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.