12 ақп, 2020 сағат 15:15

Алматыда ЕАЭО елдерінен әкелінген 9 көлік уақытша тіркелді

Алматы полициясы ЕАЭО елдерінен әкелінген 9 автокөлікті уақытша тіркеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген автокөліктер уақытша тіркеліп жатыр.

«Бүгінде көлік құралдарын уақытша тіркеу үшін 200 мемлекеттік тіркеу нөмірі әзірленді. Нөмірлердің түсі сары, аймақ нөмірі – 18 болмақ. Барлығы Алматыда 6 арнайы ХҚКО бар. Көліктерді тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру осы ХҚКО құзырында. Алматыда 412 азамат уақытша тіркеуге өтініш берген», - деді қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Оның айтуынша, қазір Ресейден әкелінген – 9, Қырғыз Республикасынан – 2, Армения Республикасынан 1 көлік уақытша тіркелді.