Алматыда дәмханадан шыққан өртті сөндіруге 36 адам және 12 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Брусиловскиий көшесіндегі № 134 үйден хабарлама сағат 8:36 түсті.
Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына бірнеше минутта жетті. Болжам бойынша «Пазанда» атты екі қабатты дәмхананың шатыры өртке оранған. Қазір өрт толық сөндірілді. Тілсіз жаумен кұреске 36 адам және 12 техника жұмылдырылды.
Осыған дейін Алматыда дәмхана өртеніп жатқандығы туралы хабар таратқанбыз.