Алматыдан облысқа пара беру арқылы шығуға тырысқан 42 жастағы ер адамды жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының аумағына бақылау-өткізу бекетінен кедергісіз өтуі үшін Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкері Ш.Айнабековке 10 мың теңге көлемінде пара бергеннен кейін, шенеунікке пара берді деген күдікпен 1977 жылы туған А. есімді ер адам ұсталды.
Бес мың теңгелік номиналдар процессуалды тәртіпте тәркіленіп, ҚР ҚК 367-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген қылмыстық материалдарға қосылды. Болашақта өндіріс сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жүзеге асырылады», – деді Алматы қалалық ПД жеке қауіпсіздік басқармасының басшысы Саламат Көкрекбаев.