Алматыда мас адам блокпост арқылы өтпек болып шу шығарған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Бейнекадрда бірнеше полиция қызметкері блокпост өтуге тырысқан адамды жібермей тұрғаны түсірілген.
Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл оқиға бүгін таңертең Іле ауылына кіреберісте 71 разьезд бойында орналасқан №2 блокпост болған.
«Мас адам полицияның заңды талабын орындамаған. Тәртіпті бұзған адамға қатысты тиісті шаралар қабылданады», - деді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.