18 нау, 2020 сағат 11:30

Алматыда блок бекеттер қай жерлерде орнатылады?

Алматыда 19 наурызда түнгі 24:00 шамасында карантин режіміне байланысты блок бекеттер қандай жерлерде орналасатыны белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл нысандар қалаға кіреберістер мен 10 магистральды көшеде орналасатын болды. 

Нақты ақпаратты мына жерден көруге болады.

Осыған байланысты полиция қала тұрғындарына маршруттарын алдын ала реттеуді, билік өкілдерінің талабына бағынуды, карантин талаптары мен жол ережесін бұзбауды ескертеді. 

«Төтенше жағдайға байланысты талаптарды бұзған адамдарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу сияқты әкімшілік жаза қолданылады. Төтенше жағдай жарияланған аумақта билік өкілінің талабына бағынбағандарға 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 2 жылға дейін бас бостандығы шектеледі», - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Одан бөлек полиция төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын айтты. Жалған ақпарат таратқан тұлғалар 3-7 жыл бас бостандығы шектеліп немесе сол мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін.