07 шіл, 2022 сағат 17:28

Алматыда биыл алғашқы 6 айдың ішінде инфляция 10,3%-ға өсті


Алматыда бағаның жоғары өсу қарқыны сақталуда. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімнің айтуынша, Алматыда жыл басынан бері 6 айдың қорытындысы бойынша инфляция 10,3%-ті құрады. 

«Инфляцияға негізгі үлес бірінші кезекте азық-түлік бағасының өсуі есебінен қалыптасты. Ол 16,4%-ті құрады (жылдық есептеуде - 19,5%). Ең көп өскені - қант (2 есе, 560 теңгеге дейін), пияз (+90,2%, 156 теңгеге дейін), нан (+18,3%, 95 теңгеге дейін), сүт бағасы (+18%, 328 теңгеге дейін). Олардың тұтыну бағасының индексіндегі үлесі 2,2 пайыздық тармақты құрады. 

Дегенмен, жұмыртқа бағасының төмендеуі (0,4%-ке, 460 теңгеге дейін) және сиыр еті (0,9%-ке, 2 350 теңгеге дейін), сары май (5,6%-ке, 3 400 теңгеге дейін), тұз бағасының (6,5%-ке, 66 теңгеге дейін) шамалы өсуі байқалады», - деді Ерболат Досаев. 

Ол сондай-ақ жеткізу тізбегінің бұзылуы және теңге бағамының тұрақсыздығына байланысты жоғары инфляциялық күтімдер әлі сақталатынын айтты.