Алматыда бірнеше көшенің атауы өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алатау ауданы Нұркент шағын ауданы бойынша:
- №1 жобалық атауы бар көшеге Аднан Мендерес есімі беріледі.
Бостандық ауданы Ерменсай шағынауданындағы атаулар өзгереді:
- № 2 жобалық атауы бар көше - Жақсылық Үшкемпіров көшесі;
- № 4 жобалық атауы бар көше - Қаршыға Ахмедияров көшесі;
- № 5 жобалық атауы бар көше - Шолпан Жандарбекова көшесі.
Бостандық ауданының Нұр Алатау шағынауданы бойынша:
- № 12 жобалық атауы бар көшеге Ғазиз Жұбанов есімі беріледі;
- № 13 жобалық атауы бар көше - Кәкімбек Салықов.
Бостандық ауданы Нұрлытау шағынауданы бойынша:
- № 6 жобалық атауы бар көшені Роза Жаманованың құрметіне атайды.
Медеу ауданы бойынша:
- № 2 жобалық атауы бар көше - Тимофей Седельников көшесі;
- № 7 жобалық атауы бар көше - Мәшһүр Жүсіп көшесі.
Медеу ауданының Алатау шағынауданы бойынша:
- № 14 жобалық атауы бар көше Лев Гумилевтің құрметіне аталады.
Алматы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихат шешімі ресми жарияланғанына он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
639 рет оқылды