Алматының Алмалы ауданы тұрғындарының бір бөлігі жылусыз қалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Профилактикалық жұмыстарға байланысты Алмалы ауданында жылу беру уақытша тоқтатылады.
«Жылу желілерін тексеру барысында құбырдан ақау шықты. Апаттың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстар жүргізіледі» делінген «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарламасында.
Төле би, Гайдар, Розыбакиев, Райымбек көшелерінің бойындағы бірқатар ғимараттар мен үйлерге 13 қараша сағат 12:00 – 20:00 аралығында жылу берілмейді.