Алматыда колледж студенттерінің төбелесі видеоға түсіп қалды. Полиция қызметкерлері жаппай төбелесті тоқтатты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
22 қазанда 102 нөміріне Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында бір топ жастың арасындағы төбелес туралы хабарлама келіп түсті.
"Дабылға бірінші болып патруль полиция экипаждары жетті. Олар төбелесті тоқтатты. Екі колледждің студенттері арасында жанжал туындағаны анықталды. Оның шығу себебі нақтыланып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Төбелеске қатысушының әрқайсысының іс-әрекетіне ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылдана отырып, құқықтық баға беріледі", - деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.