Алматыда бір отбасының үш баласын көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқыс оқиға Ұлжан шағын ауданындағы №152 мектептің маңында Тәкежанов көшесінде болған.
«18 қыркүйекте жедел жәрдем бригадасы 9, 6, 5 жастағы үш баланы жеткізді. Балаларды Ұлжан шағын ауданында көлік қағып кетті. 5 және 6 жастағы балалардың кеуде қуысы органдары соққысы алған. 9 жастағы бала жеңіл жарақат алған. Сондықтан ол амбулаториялық ем алуға үйіне жіберілді. Ал 5 және 6 жастағы балалар ауруханаға жатқызылды», - деді қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Дәрігерлер балалардың жағдайын орташа деп бағалап отыр.
Белгілі болғандай, анасы мен балалары жолдың тыйым салынған жерінен өтпек болған.