08 ақп, 2020 сағат 10:07

Алматыда "Барахолка" маңының қоршалғаны хабарланды

8 ақпанда таңертең полиция мен ұлттық гвардия жасағы Алматыдағы "Барахолка" базары аумағын қоршады, деп хабарлады Vlast.kz сайты.

Полиция өкілдері оқиғаны өрт сөндіру жаттығуларымен байланыстырған. Олар шараның Қордайдағы жанжалға байланысты емес екенін айтқан. Дегенмен қаладағы ірі "Ялян" базары маңында өрт сөндірушілер көліктері көрінбейді, есесіне полицейлер мен жүк көліктері көп. Базар жабылған.

Айта кетейік, ақпанның 7-сі күні Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жанжал болды. Жанжалдың неден шыққаны әзірге белгісіз. Президент адам шығыны болғанын айтты. Полиция "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізе бастады.