16 қаз, 2020 сағат 11:57

Алматыда банктердің біріне қарақшылық шабуыл жасалды

Алматыда банк бөлімшесіне шабуыл жасалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 15 қазан күні болған. 

«Алматыда қаруланған екі қарақшы Kaspi.kz филиалына шабуыл жасады. Жұмыс күні аяқталуға жақын қалғандықтан, банк бөлімшесінде клиенттер болған жоқ. Белгісіз адамдар банк қызметкерлерін қарумен қорқытып, алдын ала мәліметтер бойынша 2 млн теңгені алып кеткен. Абырой болғанда, қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Полиция дабыл соғыла салысымен, көп ұзатпай келді.

Kaspi.kz қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарымен бірлесіп әрекет жасауда. Қылмыскерлер табылып, заң бойынша жазаланады», – деп хабарлады полициядан.