01 там, 2019 сағат 11:17

Алматыда бала ұрланбақ болған балабақшадан тағы шу шықты

Алматы қаласындағы №96 Бөбежай-балабақшасында тағы бір келеңсіз жайттың беті ашылды. Онда тәрбиеші кішкентай қызды жұлқылап, дөрекілік танытқан. Айта кетейік, бұл бейнежазба әлеуметтік желіде қыста тараған, деп хабарлайды "Ұлт ақпаратАlmaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, бұл оқиға қыста орын алған. Бейнежазбаға қатысты Алматы қалалық білім басқармасы түсініктеме берді. Бірден комиссия құрылып, балабақшада тексеру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде тәрбиеші жұмыстан босатылды. Сондай-ақ, басқармадағылар мұндай келеңсіз жайттардың балабақшада сирек кездеседі деп сендірді.

«Ата-аналар тарапынан бізге қоңырау түссе, бірден шара қолдануға көшеміз. Бас маман оқиға орнына барады. Сондықтан, барлық факт біздің назардан тыс қалмайды. Тиісті шара қолданылады», - дейді Алматы қалалық білім басқармасының бас маманы Гүлжан Сембаева.

Естеріңізге салайық, шілденің 16 күні балабақшадан бала ұрлауға әрекет жасалды. Алматы полициясы күдіктіні 25 шілде күні ұстады. Ол сол балабақшаның тәрбиешсі болып шықты.