06 жел, 2019 сағат 09:25

Алматыда айыппұлы төленбеген көліктер айып тұрағына қойылып жатыр

Алматы полициясы айыппұл төлемеген жүргізушілердің мүлкін тәркілеп, айып тұрағына қою шарасын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық полиция «Борышкер» жедел профилактикалық акциясын бастап кетті. Бұл акцияның мақсаты - әкімшілік істер бойынша заңбұзушылықтың алдын алу, қордаланған айыппұлды өндіру.

«Полиция қызметкерлері прокуратура мамандарымен бірге «ПОТОК-М» мобильді кешенін қолдана отырып, әкімшілік айыппұл төлемей жүрген жүргізушілерді анықтай бастады. Алгоритм бойынша бұл көлік иесінен тәркіленіп алынып, айып тұрағына қойылады. Тек көлік иесі айыппұлдан құтылған жағдайда ғана көліктер қайтарылады» - деді полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.