Алматыда айыппұлдарын төлемеген азаматтарды анықтауға арналған «Борышкер» шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Іс-шара аясында мегаполис аумағында әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлер, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ жалған нөмір таққан көлік жүргізушілер анықталды.
«Әкімшілік құқық нормаларына сәйкес, азаматтар әкімшілік айыппұлды 7 күн ішінде 50% жеңілдікпен төлеуге құқылы. Құқық бұзушыларға хаттамамен бірге айыппұл сомасының 50%-ы көрсетілген түбіртек ұсынылып оны төлеудің тәртібі түсіндіріледі», - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері электронды планшеттің көмегімен борышкерлерге айыппұлды уақтылы төлеу қажеттілігі туралы хабарлама таратуда.