29 там, 2019 сағат 10:45

Алматыда айына 83 млн теңге АӘК заңсыз төленген – Сағынтаев

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесті. Әкім көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеу кезінде анықталған заңбұзушылықтар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде көпбалалы 1350 отбасыға АӘК беру тоқтатылды. Біз табысын жасырған көптеген отбасыларды анықтадық. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жанұяларбар екен. Олар табыстарын жасырған. Қалада уақытша тіркелген отбасылар бар. Бірақ олардың  балалары ата-әжелерінде қалған. Басқа облыстағы мектептерде оқиды», - деді Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде.

Оның айтуынша, осылайша, айына 83 миллион теңгеге жуық қаржы заңсыз төленген.