Алматыда әйел өрт сөндіргішпен әйнекті сындырып тастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оқиға 22 қазан күні Алматы қаласының Әуезов ауданында болған.
Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта бұл факт Әуезов ауданының полиция басқармасында ҚРҚК 293-бабының 1-бөлімі бойынша тергелу үстінде.
«Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталып, құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалады», - деді департамент.
Автокөліктің терезесін шаққан әйелдің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.