23 мам, 2023 сағат 16:46

Алматыда автобуста оғаш әрекет жасаған ер адам іздестіріліп жатыр

видеодан алынған кадр

Алматы Полиция департаменті автобуста оғаш әрекет жасаған ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Әлеуметтік желіде видео пайда болды. Автобуста қыздың жанына бейтаныс ер адам отырып, жыныс мүшесін ашып, мастурбация жасай бастаған. Қыз бұл әрекетті камераға түсірмек болғанда ер адам агрессия көрсткенін айтқан.

"Немолчи" қоры мәліметінше, 20 мамырда ер адам әртүрлі автобуста осыған ұқсас бірнеше әрекет жасаған.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар адамды анықтау және оны ұстау шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Құқықбұзушының әрекетіне заңға сәйкес шаралар қолданылып, құқықтық баға беріледі", - дейді ПД баспасөз қызметінің өкілдері.