Фото: ТЖД баспасөз қызметі
Алматының Медеу ауданында автобус өртеніп кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, сағат 8:27-де өртсөндірушілер Төле би және ШААЖ көшелерінің қиылысында "ЛиАЗ" автобусы жанып жатқанын анықтаған. Өрт аумағы 25 шаршы метр болады. Өрт кезінде кабинада жолаушылар болмаған.
Жанып жатқан автобусты сөндіру үшін дереу көбігі бар бөшкелер берілген және автобус құрылымдарын салқындату жұмыстары жүргізілген. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 08:45-те оқшауланып, тағы бес минуттан кейін сөндірілді.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 8 қызметкері мен екі техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.