видеодан алынған кадр
Алматыда автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, әкімшілік ғимараттың қоршауына соғылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, 13 маусым сағат 12:40 шамасында Спасская көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан №13 автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, әкімшілік ғимараттың қоршауына соқтығысқан.
"Салдарынан қоғамдық көліктің екі жолаушысы жарақат алып, медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасы дерегі Түрксіб аудандық ПБ қызметкерлерінің өндірісінде" - делінген хабарламада.