Алматыда сот әнші Ксения Ашығалиеваның ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
2019 жылдың 29 маусымында алматылық әнші Ксения Ашығалиева күйеуі Бауыржан Ашығалиевтің өзін соққыға жыққанын айтып, айыптаған еді.
Полиция бұл арыздың негізінде ҚР ҚК 126-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісін тіркеген болатын.
Бүгін аталған іс бойынша сот үкімі шықты.
Судья айыпталушы Бауыржан Ашығалиевті қылмыстық құрамы жоқ болғандықтан айыпсыз деп тапты.
Іс материалдарына сәйкес, жиналған дәлелдер айыпталушы мен куәгерлердің жауаптарына сәйкес келмеген.
Судья сонымен қатар, Алматы қалалық ПД басшысына Бауыржан Ашығалиевті заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартқаны үшін қаулы шығарды.
«Jackpot» тобының әншісі Ксения Ашығалиева мен оның күйеуі, гитарист Бауыржан Ашығалиевтің арасындағы отбасылық дау-жанжал көпшіліктің назарына іліккен еді. Әнші өзінің басынан өткен жайтты әлеуметтік желі арқылы жариялады. Оның айтуынша, күйеуі оны жертөлеге апарып, ұрып-соққан.