© instagram/almaty___dtp
Алматы полициясы әлеуметтік желіде жарияланған видеодан кейін көлік жүргізушісін жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Желіде көлік терезесінен бастарын шығарып ерсі қылық істеген екі қыздың видеосы тараған болатын. Бұл видео полицейлердің назарына ілініп, Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов тексеру жүргізуге уәде берген. Нәтижесінде жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі анықталды. Ол 1996 жылы туған Н. есімді ер адам болып шықты.
"Азамат Н. ҚІЖК 593-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін (Toyota Corolla автокөлігі) жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама: 227583230010580 11.05.2022 жылы тіркелді. Жолдарда мұндай мінез-құлыққа жол берілмейтінін еске сала кетейін", - деді Әбдірахманов Instagram-парақшасында.