Фото: pixabay.com
Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы ПД криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтықтың 13 эпизодын жасаған Р. азаматшасын ұстады. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.
2012 жылдың маусым айында күдікті Көкшетау қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмек көрсету сылтауымен алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы аса ірі мөлшерде ақша қаражатын заңсыз иемденген.
Қазіргі уақытта аталған тұлға тергеу изоляторына қамалды.
Жасалған қылмыс үшін күдіктіге мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.