©instagram/rustam.abdrakhmanov_
Алматыда полицейлер алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы қалалық ПД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұсталғандардың бірі 1995 жылы туған ер адам интернет-ресурс арқылы адамдарды алдаған. Ол Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналасуға және жұмыс визасын алуға көмектесемін деген жалған хабарландырулар таратқан. Ақшаны алғаннан кейін ер адам байланысқа шықпай қойған.
Оның әрекеті екі немесе одан да көп адамға қатысты алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау деп сараланады. Келтірілген шығын көлемі - екі миллион теңге.
Полицейлер күдіктінің әрекетінен зардап шеккендерден +7 778 879 78 88 және + 7 702 401 11 10 телефондарына хабарласуды сұрайды.
Ұсталған тағы бір күдікті 1997 жылы туған ер адам. Ол өзін құрылыс компанияларының бірінің инженерімін деп таныстырып, іс жүзінде оған еш қатысы болмаса да, азаматтардың сеніміне қиянат жасап, оларға тұрғын үйді қайта жоспарлауды заңдастырып беруге уәде берген.
Бұл қызметі үшін ер адам "клиенттерден" 100 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін алдын ала төлем алған. Тергеудің осы кезеңінде ұқсас үш эпизод анықталды.
Полицейлер күдіктінің әрекетінен зардап шеккендерден +7 707 447 07 50, +7 747 699 70 02 және +7 778 622 02 19 телефондарына хабарласуды сұрайды.