23 қаң, 2025 сағат 13:36

Алматыда ақша бопсалаған блогерлер ұсталды

Фото:Gov.kz

Алматыда ақша бопсалаған блогерлер ұсталды, деп хабарлайды Ult.kz, ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жәбірленушінің арызы бойынша полиция кәсіпкер мен блогерді құрықтаған. 

"Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған. Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды", - делінген хабарламада.

Олар ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.