Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде бейсенбімен салыстырғанда доллар бағамы артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464,5 - 468 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 469 - 475 теңге аралығында құбылып тұр.
30 маусымдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,55 теңгеге қымбаттап, 470, 24 теңге болған еді.
Ұлттық банктің 1 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 470, 34 теңге.