12 мау, 2023 сағат 14:33

Алматыда Абай облысы тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау басталды

коллаж: Almaty.tv

Алматыда Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау басталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасына сілтеме жасап.

Байтұрсынов көшесі, 22 к1, бірінші қабат мекенжайында орналасқан волонтерлердің фронт-офисі гуманитарлық көмекті қабылдау пункті болып белгіленді (байланыс телефондары +7 747 821 64 78; +7 747 540 01 40).

Қабылдау пунктінде заттар мен қажетті өнімдер кез келген көлемде қабылданады. Қазіргі уақытта ең алдымен мыналар қажет:

  • көрпе, далада ұйықтауға арналған қаптар;
  • тыныс алу маскалары;
  • термос, қол шамдары, қуаттағыштар;
  • жаялық, дымқыл майлықтар, жеке және әйелдер гигиенасы құралдары;
  • қажетті өнімдер (консерві, печенье және т.б.);
  • бір рет қолданылатын ыдыс;
  • су және басқалар.

Қабылдау пунктінің жұмыс уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін. Еріктілер штабының жұмысына ірі волонтерлік ұйымдар тартылған – "Қазақстан волонтерлар лигасы" ҚҚ, QAMQOR CHARITY ҚҚ, "Медициналық жастар" ҚБ және т.б.