Радардан жоғалып кеткен «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырағаны мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
««Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы әуежайдың сыртқы аумағында апатқа ұшыраған. Қазіргі мәлімет бойынша тірі қалғандар бар. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін бортта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Әуежай штаттық жағдайда жұмыс істеп жатыр, барлық рейстер кесте бойынша орындалуда» делінген хабарламада.