06 жел, 2022 сағат 17:38

Алматыда 9 жастағы қыз іздестіріліп жатыр


Алматыда 9 жастағы мектеп оқушысы жоғалып кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, Айша Тимур бүгін таңғы сағат 07:40-та Сейфуллин даңғылы бойындағы үйден Алматының Түрксіб ауданында орналасқан мектепке кеткен. Содан бері іздестіріліп жатыр.

Қаладағы барлық полиция жасақтары бағдарланған. Іздеуге Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және оқиғаға бей-жай қарамайтын адамдар жұмылдырылған.

Айта кетейік, қыз арықтау келген, шашы - қара түсті. Үстінде қызғылт күртеше, мектеп юбкасы, қара етік және көк қалпақ болған. Сондай-ақ, арқасында қызыл сөмкесі бар.

Алматы қаласының полициясы қыздың жүрген жері, қайда екендігі жайлы немесе оған қатысты басқа да мәліметі бар жанның барлығын мына нөмірлер бойынша хабарлауға шақырады: 298-54-02; 8-702-730-07-08 немесе “102”.