07 ақп, 2020 сағат 10:48

Алматыда 229 нысанды қорғау ұсынылды

Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы «Бірегей ғимараттар каталогы» тарихи-мәдени ескерткіштер тізбесін кеңейту жобасын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың қазан айынан бастап Алматы тұрғындарынан 57 хат келіп түсті, оның ішінде Archcode Almaty және «Тарихи квартал» жобалары бар. Өтініштер санына сонымен қатар 673 нысанды қамтыған Гүлсана Батақованың тізімі кіреді. 250 нысан орталықта орналасқан. Қазіргі уақытта өңделуде. Ал 240 нысан қаланың шеткі аймағында орналасқан және орталық жоспарлау ауданына жатады. Сондықтан өндеу жұмыстары қосымша уақытты қажет етеді», - деп хабарлады басқармадан.

Жалпы алғанда, мамандар 229 нысанды, оның ішінде 32 қалалық кешендерді қорғауды ұсынды. Ең алдымен Archcode Almaty тізіміндегі 12 нысан және «Тарихи квартал» жобасы бойынша 37 үйі бар.

Еске салайық, жергілікті және республикалық маңызы бар тарихи ескерткіштерінің басым бөлігі Алматының тарихи орталығында орналасқан:

1. Алматы қаласының республикалық маңызы - 31 нысан.

2. жергілікті маңызы бар - 106 нысан (Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 4/480 қаулысы). Оның ішінде а рхеология – 10, ғ имарат-61, е скерткіштер – 35.

Алматылықтардың пікірі бойынша сақталуы тиіс ғимараттар туралы ақпаратты almaty.uaig.kz сайтындағы «Бірегей ғимараттар каталогы» айдарына аты-жөні мен тегін, байланыс телефонын, нысанның мекенжайы мен фотосын жіберу қажет. Ізгі ниетті азаматтар ұсынған объектілерді сарапшылар бір айда екі рет қоғамдық комиссияда талқылайды және «Алматының бірегей ғимараттарының каталогына» енгізіледі.