Алматының Бутаковка шатқалында 2280 еуропалық шырша кесіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Іле-Алатау ұлттық паркінің мәліметі бойынша, қыркүйек айында Медеу филиалының Каменка орман шаруашылығының 7,6 га алаңында 526,6 текше метр ағаштарды санитарлық талапқа сай кесу жұмыстары жүргізіледі.
«Ағаштарды кесу ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің рұқсатымен, Орман кодексінің 93-бабы бойынша жүзеге асырылады. Осы мәселеге қатысты қоғамдық тыңдаулар өткізілді», - деп хабарлады ведомстводан.
Санитарлық ағаш кесу арқылы, басқа ағаштардың тұрақтылығы артады. Олардың өнімділігін жақсарады. Сондай-ақ, бұл жұмыстар зиянкестердің санын азайтып, аурулардың жұқпалылығын төмендету үшін жүргізіледі.
2014 жылы жүргізілген орманды тексеру материалдарына сәйкес, бұл учаскедегі ағаштар «өлі» деп саналады.
«Тиісті органдардан рұқсаттар алынды. Біз қала тұрғындарынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауларын сұраймыз. Ағаш кесу жоспарға сәйкес желтоқсаның соңына дейін аяқталады», - делінген парктің хабарламасында.